Бүгін Өзбекстан Республикасының жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігінің делегациясы Нұр-Сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығында іс сапармен болды. Сапардың мақсаты- әлеуметтік және еңбек саласындағы тәжірибе алмасу. Кездесу барысында Орталық директоры делегация мүшелерін қолданыстағы бағдарламалар мен және халықты жұмыспен қамту қызметтерімен таныстырды.