“Жастар” сарайында 2019 жылдың 15 тамызында елордалық бос орындар жәрмеңкесі өтті. Көрменің ұйымдастырушылары ретінде қала әкімдігі және жұмыспен қамту орталығы болды.
Өткізілген жәрмеңкеде 2000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынған 120 жұмыс беруші жиналды.
Жыл сайын біздің бос орындар жәрмеңкесіне көп ұйымдар қатысқысы келеді. Айта кету керек, мамандандырылған бос орындар жәрмеңкесіне келгендердің саны да арта түсті.
3 сағат бойы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 1000-нан астам жұмыс іздеуші келді. Іс-шара ұйымдастырылған жерде өте қызу болды, жұмыс берушілер білім беру саласындағы жұмыстың артықшылықтарын қызығушылықпен айтты, ізденушілер де ынта-ықыласпен сұхбаттасудан бас тартпады. Бос орындар жәрмеңкесінде жиналған адамдардың жалпы мақсаттары бар екендігі сезілді, жұмыс беруші өз ісіне тартылған қызметкерді, ал ізденуші өз арманының жұмысын тапқысы келгендей.
Білім беру саласындағы бос орындар жәрмеңкесі келесі оқытушылардың жетіспеушілігін көрсетті:
1) Орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімі
2) Балабақша тәрбиешісі
3) Орыс тілі мұғалімі
4) Математика мұғалімі
Жұмыспен қамту орталықтардың ұйымдастырған осындай арнайы іс-шаралары, ортақ мүдделері бар адамдардың кездесуінің бірегей мүмкіндігі болып табылады. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығы арқылы 4527 адам жұмысқа орналасқанын атап өткен жөн. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына -129, қоғамдық жұмыстарға -1982, тұрақты жұмысқа-1722 адам орналастырылды.
Нәтижелі көрсеткіш ретінде 300-ден астам адам сұхбаттасудан өтіп, жұмысқа кірісуге дайын екенін атап өтуге болады.