ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАДІРЛІ ІС

Жарияланған күні:
2018-27-12 сағат 23:35

Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы басты тапсырмаларының бірі – бас бостандығынан айыру орнынан босатылған әрбір сотталғанға, қоғамда өз орнын табуға көмек беру.

2018 жылдың желтоқсан айының 21, 25, 26-ы күндері Астана қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының бастамасымен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының, «Оңтайландыру технологиялары мен тұжырымдамалары» қоғамдық қорының, Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының, Астана қаласы Ішкі істер департаментінің өкілдерімен маңызды шаралар болып өтті. Шараға қатысушыларға мекеме өкілдері өз қызметтеріне байланысты сұрақтарға жауап берді.

Бұл 3 күнгі басқосулардың маңыздылығы ол – пробация қызметінде тұратын азаматтар мен азаматшалардың әлеуметтік және жұмысқа орналасу жөнінде ақпарат беру. Жоғары білімді азаматтар 21 желтоқсан, орта арнайы білімді тіркелушілер 25 желтоқсан ал 26 күні тек орта білімі барлар аталмыш мекеме өкілдерімен кездесті.

Еңбек нарығында сұранысқа мамандықтар бойынша жұмыссыз азаматтарды оқыту және одан әрі жұмысқа орналастыру жайында Орталық өкілі А.Байтасов, Әлеуметтік көмек көрсету бойынша Н.Жамбауова және бөлім басшысы Б.Орымбетова өз салалары бойынша ақпараттармен бөлісті.

Анықтама.

«Пробация» – латын тілінен аударғанда «сынау» деген мағынаны білдіреді. Бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген кісіге еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу – пробация қызметкерлерінің міндеті. Адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түрмеге отырмауына мүмкіндік беру. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың барлығын орындауы қажет.

Ағымдағы жылдың басынан бері 73 адам жұмыс іздеп, оның ішінде 40 адам бостандыққа шығып, 33-і тіркелгендер. 30 адам қамау орнынан босатылды және 40 адам пробация санатында тіркелді. Олардың ішінде 42 адам жұмысқа орналасты, 15 адам жалақы төленетін қоғамдық жұмысқа қатысса, 3 адам әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейді, 1 адам «Жастар тәжірибесі» бойынша қабылданса, 9 адам қысқа мерзімді курстарда кәсіби дайындықтан өтті.

Баспасөз қызметі

Жарияланған күні: 2018-27-12 сағат 23:35
Сілтеме https://czn.kz/kz-ajyrymdyly-adirli-is/