8 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
- Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің берген өтініштері негізінде қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өту үшін, өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” Мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі-бағдарлама) қатысушылардың құрамына енгізу туралы.
- Бағдарлама аясындағы білім беру ұйымдарының қосымша тізімін қосу туралы.
- Бағдарламаға қатысушыларды білім беру ұйымдарының хаттары негізінде техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлаудан бос орындарға ауыстыру туралы.
- Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлаудан өту үшін Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қабылдау туралы.
- Білім беру ұйымдарының хаттары негізінде техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға академиялық демалыстан қайта қабылдау туралы.