Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-сі және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты «Жастарға жұмыс» жобасы аясында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізді.
Жәрмеңкеге 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар мен ЖОО түлектері қатысты.
Жәрмеңкеде 1300-ден астам білім, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, ақпарат және байланыс, сауда т.б. салалардағы бос жұмыс орындары ұсынылды. Жұмыс іздеген жастарға «AMANAT» партиясы, «Astana Hub», «Богатырь Көмір» ЖШС, «Eurasian Resources Group», «Қазақтелеком» АҚ, «Magnum Cash&Carry», «Aurora Minerals Group», «SAMRUK-KAZYNA ONDEU» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Eurasian Foods Corporation» холдингі және т.б. 60-тан астам компаниялар мен жергілікті университеттер бос жұмыс орындарын ұсынылды.
«Мемлекет басшысы біздің алдымызға жастарды жұмыспен қамту, атап айтқанда NEET санаты бойынша, міндет қойды. Осыған байланысты биылғы бос орындар жәрмеңкесі жастарға баса назар аударылып ұйымдастырылып отыр. Іс-шараның уақыты дәл кешке таңдалды, ол алғаш рет ашық аспан астында өтеді, мұнда да концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Өткен жылы он екі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болса, биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Басты міндет – жастардың кәсіби және еңбек әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасау», – деп түсіндірді Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб.
«Жақсы жәрмеңке, Еңбек мобильділігі орталығының қызметкерлерінен кеңес алдым. Барша жастарға өз қалауы бойынша мамандық таңдап, армандаған жұмыс табуына тілектеспін», – деп өз тілегін білдірген, жас ЖОО түлегі Бекарыс Сейдахан.
Сондай-ақ, өтініш беруші enbek.kz порталында онлайн тіркеле алады немесе Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 9, «Еңбек мобильділігі орталығының» қызметкерлері арқылы өтініш бере алады.