2023 жылғы 1 шілдеден бастап Халықты жұмыспен қамту орталығы, Еңбек мобильділігі орталығына (мансап орталықтарының) айналуына байланысты халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтардан «Business.enbek.kz» порталы арқылы гранттарға өтінімдер қабылдаудың 3 және 4-лектері біріктірілгенін және біріккен лекті өткізу мерзімі 2023 жылдың қыркүйек айына (нақты өтетін уақыты қосымша хабарланады) жоспарланғанын хабарлаймыз.
Ағымдағы жылы берілетін гранттар тек халықтың нысаналы топтарына қаралған:
– атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
– көп балалы отбасы мүшелері-көп балалы отбасы бойынша жәрдемақы алушы және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);
– асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
– өңіраралық қоныс аударушылар;
– қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
– еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар тұлғалар;
– мүгедек баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған тұлғалар.