500 үміткер бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

Жарияланған күні:
2023-9-09 сағат 2:43

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Жастар» сарайында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізді.

Жәрмеңкеге құрылыс, білім беру, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б. түрлі қызмет түрлерінен 45-тен астам жұмыс беруші қатысты. Жұмыс берушілер тарапынан мемлекеттік және жеке кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 650-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды.

“PETRORETAIL” ЖШС, “Qazaq Air” АҚ, Астана қаласы әкімдігінің “Elorda Eco System” шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК, “Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Астана қаласы)” мемлекеттік мекемесі, “Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы” АҚ, “Алма Телекоммуникейшнс Казахстан” АҚ  және т.б. компаниялар қатысты.

Астана Мансап орталығының қызметкерлері «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кәсіптік оқыту және «enbek.kz» порталымен жұмыс жасау бойынша кеңестер берді.

«Бүгінгі таңда Бос орындар жәрмеңкелері жастар үшін де, аға буын үшін де жұмыс орындарын ұсына аламыз. Біз қазірдің өзінде 6 жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесін өткіздік, алда тағы да 3 жәрмеңке бар. Өз кезегінде жастарға сұхбатқа мұқият дайындалуды ұсынғым келеді. Сіз жұмыс істеуді жоспарлап отырған ұйыммен танысыңыз. Толығырақ түйіндеме жасаңыз, белсенді және сенімді болыңыз. Сонда Сіз табысқа жетесіз!», – деп «Еңбек мобильділігі орталығының» КММ директоры Олжас Омар түсіндірді.

Жарияланған күні: 2023-9-09 сағат 2:43
Сілтеме https://czn.kz/500-mitker-bos-oryndar-zh-rme-kesine-atysty/