Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
Қырғыз Республикасының делегациясы Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты

Қырғыз Республикасының Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі және үкіметтік емес ұйым өкілдері елорадағы Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты.
Қырғыз делегациясын Қырғыз Республикасы Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон Министрінің орынбасары Полотова Жылтыр Арыстанбекқызы бастап келді.
Қырғыз Республикасының делегациясы Қазақстанға жұмыс сапары барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыс тәжірибесін зерделеп, екіжақты ынтымақтастық орнату жайын қарастырады.
Кездесу барысында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Б. Гарифуллин және Орталықтың директор міндетін атқарушы Б.Айтпаев жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастырудың белсенді шаралары, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары мен мемлекеттік гранттар және әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарды жұмыспен қамту бойынша жасалынып жатқан жұмыстар туралы айтты.
Қырғыз әріптестер, орталыққа тән қызметтер – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша жүзеге асырылатын кешенді іс-шаралардың жүйелі жұмысына қызығушылық танытты.
Алдағы уақытта тәжірибе алмасу мақсатында тығыз қарым-қатынас орнату керектігін айтты.

Жарияланған күні: 2021-24-11 сағат 14:54
Сілтеме https://czn.kz/4854-2/
Хабарламаға жазылыңыз
Қаріп түрі:
Әріп аралығы:
Қаріп өлшемі:
Сайттың түсі:
Суреттер: