Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту Орталығының қызметкерлері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен бірлесіп, қарттар үйіне маникюр, шаш қию және визаж бойынша тегін қызмет көрсету іс-шарасын ұйымдастырды.
Аталған іс-шараның мақсаты қарт адамдарға әлеуметтік қолдау және күтім жасауға көмектесу.Қарттардың өздері айтқандай қартайған шақта өзіне күтім жасау қиынға түседі. Бас кезінде олар ұялды, бірақ бір процедураны алғаннан кейін, тағы қандай шеберлер бар екенін сұрай бастады.
Біз мұндай шараларды ескі дәстүрге айналдыруға тырысамыз, өйткені қарт адамның бір күлкісінің өзі – біз үшін көп нәрсені білдіреді.
Қарттар күні- барлық ізгі сөздер мен ойлар, үлкен өмір жолынан өткен адамдарға арналған – өмірдің ерекше сәті # жақсылық жаса