Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтініштерін қарау бойынша 29 жасқа дейінгі жастарға арналған комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссияда 12 өтініш қаралды, оның ішінде 8 жоба мақұлданды (Фото салон және полиграфия, “Relax time” массаж салоны, полиграфия қызметтері, “Diamonds Lash” кірпікті ұзарту бойынша мектеп-студия, автомобильге кілемшелер тігу бойынша EVA автоательесі, “Tatti-cake” кондитерлік өнімдері және басқалары).
Анықтама үшін: жыл басынан бері комиссия 530 жобаны мақұлдады. Ағымдағы жылы гранттың ең жоғарғы сомасы – 583 400 теңге (200 АЕК).
Барлық сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына Бейбітшілік көшесі, 25, “Өркен” БО мекенжайы бойынша хабарласуға болады. Байланыс телефондары: 95-44-16, 87777070144.