«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасы» ММ Орталық қызметкерлері үшін келесі мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді:
1) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын сақтау;
2) Бюджеттік құқық бұзушылықтар;
3) Әдеп мен мінез-құлық нормаларын сақтау.
Іс-шара модераторы басқарма басшысы Сәуле Ордабайқызы Нұрғожина: «Орталықтың міндеті, көрсетілетін қызметтердің сапасын сақтай отырып, әрбір өтініш білдірген адам мен отбасына жұмысқа орналасуға көмек көрсету» екендігін атап өтті.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы, заң бөлімінің басшысы-Ерлан Нұрланұлы Жүсіпов баяндама жасады.
Қаржы бөлімінің басшысы – Азамат Абайұлы Оспанов бюджеттік құқық бұзушылықтар туралы таныстырып өтті.
Әдеп пен мінез-құлық нормаларын сақтау туралы кадр қызметінің маманы – Бибинур Серкебайқызы Ахмадиева сөз сөйледі.
Сондай-ақ, «Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» МКҚК психологы Салтанат Қыдырбекқызы Қабдуәлиевамен кездесу ұйымдастырылған болатын.