Ағымдағы жылдың 26 ақпанында сағат 10.00-13.00 аралығында елорданың Халықты жұмыспен қамту орталығы Бейбітшілік көшесі 14 мекен-жайы бойынша орналасқан, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында ШАҒЫН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІН өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты жұмыс іздеуде жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, мемлекеттік бағдарламалар туралы халықты кеңінен ақпараттандыру болып табылады. Келушілерге 280 бос орны ұсынылды, оның ішінде икемді жұмыс кестелісі да бар. Жәрмеңкеге 11 жұмыс беруші қатысты. Іс-шара қорытындысы бойынша алдын ала сұхбаттасудан 35 адам өтті, олардың көпшілігі тұрақты жұмысқа шақырылды.