Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні апта сайынғы шағын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Жарияланған күні:
2020-25-02 сағат 21:36

Ағымдағы жылдың 26 ақпанында сағат 10.00-13.00 аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы Бейбітшілік к-сі 14 мекен-жайы бойынша  орналасқан «Жанұя» отбасы институтын қолдау Орталығында ШАҒЫН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІН өткізеді.

Жәрмеңкенің мақсаты — жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту, мемлекеттік бағдарламалар туралы халықты кеңінен ақпараттандыру.

Сол жерде ізденушілер жұмыс берушілермен кездесіп, жалақы деңгейі мен үміткерлерге қойылатын талаптар туралы біле алады. Сондай-ақ таңдалған жұмыстың ерекшелігімен таныса алады. Келушілер алдын ала сұхбаттасудан өтіп, түйіндеме толтырып, жұмыс берушілерге қалдыра алады.

Осындай шағын жәрмеңке апта сайын, әр сәрсенбі күні өткізіліп отыратын болады

Жарияланған күні: 2020-25-02 сағат 21:36
Сілтеме https://czn.kz/26-fevralja-t-g-sostoitsja-ezhenedelnaja-mini-jarmarka-vakansij/