21 қазанда жалпы қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Жарияланған күні:
2022-18-10 сағат 16:03

Ағымдағы жылғы 21 қазанында сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс берушілердің ұсынылған бос жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында жалпы қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші қатысады.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК аумағында өтеді.
Мекен-жайы: Республика даңғылы, 34.
Жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз.

Жарияланған күні: 2022-18-10 сағат 16:03
Сілтеме https://czn.kz/21-azanda-zhalpy-alaly-bos-zh-mys-oryndar-zh-rme-kesi-tedi/