Өткен жылы «Астана қаласының жұмыспен қамту Орталығы» арқылы тұрақты жұмыс орындарына 8 мыңнан астам азамат орналасты. Жастар практикасымен 836 жас маман түрлі мекемелерге жіберілген. Ал, әлеуметтік жұмыс орындарына 200 ге жуық азамат жұмылдырылып, қоғамдық жұмыстарға 2 мыңға жуық маман тартылған. Оның 1239 жастар құрап отыр.
Аталған мекеме Мемлекеттік «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырады. Өткен жылы Орталыққа 20 мыңнан астам азамат жұмыссыздық мәселесімен көмекке жүгінген. Оның мыңнан астамымына жұмыспен қамту үшін тиісті жұмыстар атқарылған.
«Сондай-ақ, біздің Орталық мамандарды оқыту және қайта оқытумен де айналысатынын білесіздер. Өткен жылдың көрсеткіші бойынша 700 ден астам адам мобилді қосымша саласындағы әзірлеуші, киберқауіпсіздік саласының маманы, анимация және бейнеграфика, тігінші, дәнекерші, кондитер және өзге де сұранысқа сай мамандықтарға оқытылды. Оның 176 жастар» – деді «Астана қаласының жұмыспен қамту Орталығы» директоры Абай Баймульдин.
Сондай-ақ, өткен жылы техникалық және кәсіби білімі беру бойынша 2 мыңға жуық жас азамат білім алыпты. Жастардың жаңа бизнес идеяларын қолдау мақсатында 70 тен астам мемлекеттік грант бөлініп, кәсіппен айналасысатын азаматтардың санын артқан.
Осылайша, 2018 жылға қойылған жоспар орындалып, орталық «2019 жылы да жастарға көп көңіл боліп, қолдау көрсету біздің алдыңғы мақсатымызды» дегенді айтты.
Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада 824 адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Оның 492 жас маман. Бүгінде орталықта 4 мыңнан астам бос жұмыс орны бар.