Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары «Мама Про» қоғамдық қорының Ашық есік күніне қатысты ⠀

Жарияланған күні:
2019-20-11 сағат 22:38

Әлеуметтік осал әйелдерді қолдау мен дамытудың «Мама Про» қоры» ҚҚ өз қызметін бір жылдан астам уақыт бұрын бастаған, осы уақыт аралығында мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 230 әйелді оқытып шығарды.
Аналармен кездесуге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Мукушев қатысты. Іс-шара барысында әйелдер балаларының жұмысқа орналасудағы қиындықтары, еңбек жағдайлары және жұмыс кестесі туралы айтып өтті. Директордың орынбасары Н.Исекеев «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы туралы, кәсіби оқыту және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алу мүмкіндігі туралы айтты. Сондай-ақ, Орталықтың көрсететін қызметтері, әлеуметтік жұмыс орны азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына бағытталған жұмыспен қамтудың белсенді шараларын көрсету екендігі туралы, жұмыс берушілер үшін арнайы жұмыс орындарын құруға арналған субсидиялар туралы түсіндіріп өтті.
Аналар жұмысқа орналасу кезінде жұмыс кестесінің сұраныстарына сай келмейтіндігі мәселесіне жиі тап болады.
Қазіргі уақытта Жұмыспен қамту орталығында үйде «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жұмыс берушілерден өтінімдері 2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады.

 

Жарияланған күні: 2019-20-11 сағат 22:38
Сілтеме https://czn.kz/19-nojabrja-tekushhego-goda-zamestitel-direktora-centra-zanjatosti-naselenija-akimata-g-nur-sultan-prinjal-uchastie-na-dne-otkrytyh-dverej-obshhestvennogo-fonda-mama-pro/