16 тамызда жалпы қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі

Жарияланған күні:
2022-11-08 сағат 0:10

Ағымдағы жылдың 16 тамызда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс берушілердің ұсынылған бос жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында жалпы қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі, жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші қатысады.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК аумағында өтеді. Мекен-жайы: Республика даңғылы, 34.
Жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз.

Жарияланған күні: 2022-11-08 сағат 0:10
Сілтеме https://czn.kz/16-tamyzda-zhalpy-alaly-bos-zh-mys-oryndar-zh-rme-kesi-tkiziledi/