16-18 жастағы студенттер мен жалпы білім беретін жоғары сынып оқушылары үшін

Жарияланған күні:
2021-22-06 сағат 17:18

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ демалыс кезеңінде 16-18 жастағы студенттер мен жалпы білім беретін жоғары сынып оқушылары үшін «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасын ұйымдастырады.

Қажетті құжаттар:
1. жеке куәлік;
2. оқу орнының оқу процесінен тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуға жазбаша келісімі (жазғы демалыстың басталу күні мен аяқталу күнін көрсету қажет);
3. 18 жасқа толмаған тұлғаларға ата-анасының біреуінің не заңды өкілдерінің жазбаша, яғни аталған жұмыс баланың денсаулығына зиянын келтірмейтіндігі туралы келісімі болуы керек.

Жұмыспен қамту орталығында жазбаша келісімге қол қою барысында ата-анасының біреуі болуы қажет.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының мекен-жайы: Бейбітшілік к-сі 25, «Өркен» Іскерлік үйі.1 қабат. ⠀

Жарияланған күні: 2021-22-06 сағат 17:18
Сілтеме https://czn.kz/16-18-zhasta-y-studentter-men-zhalpy-bilim-beretin-zho-ary-synyp-o-ushylary-shin/