Мүгедек үшін арнайы жұмыс орнын құру туралы ақпарат
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орны құрылады, арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін жабдықты сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында жұмыс берушілерге субсидиялар беріледі.
“Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы” Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 280 бұйрығын орындау үшін мүгедектерге арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерге субсидиялар беру тәртібі мен шарттары айқындалды.
Жұмыс берушілердің арнайы жұмыс орындарын құрумен байланысты шығындарын субсидиялау бойынша жұмыстарды халықты жұмыспен қамту орталықтары республикалық бюджет қаражаты есебінен бекітілген міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) бюджеттерімен көзделген сомалар шегінде іске асырады.
2022 жылы тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедекке бір арнайы жұмыс орнын құруға 765 000 теңге, есту қабілеті бұзылған мүгедекке 1 004 250 теңге бөлінді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы қаржыландыру лимиті негізінде жыл сайын 1 қарашаға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерден немесе Еңбек биржасы арқылы алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады.
Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде өтінімге:
- арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған шығыстар сметасы;
- банкте шоттың бар-жоғы туралы анықтама қоса беріледі.
Барлық сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына мына мекен-жай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: Бейбітшілік көшесі, 9, тел.+7 700 956 98 37.
Пайдалы ақпарат: