Жобаның қатысушылары 50 жастан асқан, мерзімі 3 жылға дейінгі жұмыссыз адамдар болып табылады.
«Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасу үшін үміткер Мансап орталығына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
3) білімі туралы құжат (бар болса).
«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру;
«Күміс жас» жобасына қатысу 36 айдан аспайды
1) қатысудың алғашқы 12 (он екі) айы-жалақы мөлшерінің 70%, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды;
2) қатысудың 13 (он үшінші) айдан 24 (жиырма төртінші) айына дейін-жалақы мөлшерінің 65%, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды;
3) қатысудың 25 (жиырма бесінші) айдан 36 (отыз алтыншы) айына дейін – жалақы мөлшерінің 60%, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды.