“Жұмыспен қамтудың жол картасы” жобасының іске асырылуын бақылау бойынша мониторинг

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ

 

2021 жылғы 7 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы” жобасының іске асырылуын бақылау бойынша құрылған мониторингтік топ тексеруге шықты.
Олар, “Керей және Жәнібек хандары көшесіндегі “Инженерлік желілер мен жолдар салу шағын құрылыстар” жобасын аралады.

Мониторингтік топ құрамы: мәслихат депутаты, “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің мүшесі және “Nur Otan” партиясы филиалының өкілі, БАҚ және қоғамдық ұйымдар өкілдерінен құрылған.

Бақылаушы топ “Акмолатранстехмонтаж” ЖШС басшылығымен кездесіп, жұмысшылардың еңбек жағдайы, жалақыны уақтылы төлеу, міндетті әлеуметтік төлемдерді есептеу туралы айтты.

Жоба аяқталғаннан кейін 8 бос орын орынға тұрақты жұмысқа орналастыру туралы әңгіме жүргізді.

Құрылыс басталғалы бері аталған жобаға 22 адам жұмысқа орналастырылды. (жоспар 19, қамту 100%)

Олар: жүк автомобилінің жүргізушісі, құрылыс конструкцияларын монтаждаушы, жол құрылыс жұмысшысы, жұмысшы және учаске бастығы.

Жұмыс 2021 жылға арналған Жұмыспен қамту жол картасы объектілерінде мониторинг жүргізу бойынша бекітілген жоспарға және мониторингтік топтың жұмысқа бару кестесіне сәйкес жалғасатын болады.