Жұмыс орнында кәсіптік оқыту

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ

2024 жылы жұмыс орнында кәсіптік оқыту

Жұмыссыздарды кәсіптік оқыту Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 231 бұйрығымен бекітілген кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары шеңберінде ұйымдастырылады:

1) оқу ұйымдарында жұмыс берушілердің сұрауы бойынша;

2) жұмыс берушілердің жұмыс орнында.

Оқытуды жүргізуге арналған Біліктіліктер мен дағдылардың тізбесі жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде қалыптастырылады. Ұзақтығы қысқа мерзімді оқыту мамандықтың ерекшеліктеріне (біліктілігі мен дағдыларына) негізделген 1 айдан 3 айға дейін.

Жұмыс берушілердің сұрауы бойынша оқитын адамдарға оқудың барлық кезеңінде медициналық тексеруден өтуге 2 АЕК (7 384 теңге) мөлшерінде материалдық көмек және 32 681 теңге мөлшерінде стипендия көзделген.

Жұмыс берушілерден жұмыс орнында оқитын жұмыссыздардың жалақысын оқу кезеңінде Мансап орталығы төлейді. Айына жалақы мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда банктік қызметтерді ескере отырып, 20 АЕК – 73 840 теңгені құрайды.

Оқуға қатысқысы келетін үміткерлер қажетті құжаттарды қоса бере отырып, мансап орталығына өтініш береді.

Мансап орталығы оқуға үміткерлердің тізімін қалыптастырады және жұмыс берушіні келісуге жібереді.

Жұмыс беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және біліктілік беру жөніндегі оқу орталықтары мен оқу орындарының тізіліміне сәйкес білім беру ұйымының 2 нұсқасын көрсете отырып, үміткерлер тізімін келіседі.

Үміткерлер жұмыс берушінің ұсынысы негізінде білім беру ұйымдарын таңдайды.

Жұмыссыздар білім беру ұйымын таңдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Мансап орталығы жұмыссызға оның келісімімен білім беру ұйымына оқуға жолдама береді және жұмыссыздармен, білім беру ұйымымен және жұмыс берушімен Кәсіптік оқыту бойынша әлеуметтік келісімшарт жасасады.

Жұмыссыз білім беру ұйымына оқу мәселесі бойынша мансап орталығынан жолдама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүгінеді.

Білім беру ұйымы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыссыздарды оқытуға қабылдайды және Мансап орталығына қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.

Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды оқыту біліктіліктен тұрады:

  1. Тігінші
  2. Шаштараз
  3. Маникюр шебері
  4. Аспаз
  5. Тәрбиешінің көмекшісі
  6. Подолог шебері
  7. Кірпік ұзарту шебері
  8. Тұрақты макияж шебері
  9. Шугаринг шебері
  10. Макияж суретшісі

 

Жұмыс берушілердің жұмыс орнында оқу ұйымдарында жұмыссыздарды оқыту  біліктіліктен тұрады

  1. Тігінші

 

Үміткерлер үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттар. Болмаған жағдайда, соңғы 2 жылдағы зейнетақы қорынан үзінді көшірме (алуға болады egov.kz);

3) білімі туралы құжаттар (аттестат, куәлік, диплом), оқудан өткенін растайтын құжаттар (куәлік, сертификат) болған жағдайда;

4) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № 075 бекітілген нысанына сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі;

5) Екінші деңгейдегі банкте ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттың нөмірі.

 

Анықтама телефоны: 24 89 48