Жұмыс орындар квотасы туралы есеп

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ

 

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ, Сізге Астана қаласының әкімі Ж.М. Қасымбектің 2024 жылғы 03 желтоқсандағы № 158-3717 «Астана қаласында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысымен 2025 жылға Азаматтардың жекелеген санаттары үшін (мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру мекемелерінің түлектері болып табылатын жастар) жұмыс орындарының квотасын орындау бойынша ұйымдардың тізбесіне қосылғаныңызды хабарлайды.

Осыған байланысты, Қаулыда бекітілген квоталардың орындалуы туралы ақпаратты тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ұсыну қажеттігі туралы хабарлаймыз.

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 98-бабына сәйкес жұмыс орындарының бекітілген квотасын орындамағаны үшін (мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру мекемелерінің түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін) ескерту жасауға әкеп соғады.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес мекемелерге – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуына алып келеді.

«Астана қаласында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулы Еңбек мобильділігі орталығы www.czn.kz. сайтында орналастырылған.

Квота бойынша есеп беру формасы

Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылдың 3 желтоқсандағы №158-3717 «Астана қаласында 2025 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы