«Алғашқы жұмыс орны» жобасы
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталығы) 2021 жылғы «Алғашқы жұмыс орны» жобасын ұйымдастыруға қатысуға өтінімдер қабылдауды жалғастыруда.
Салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты төлеп отыратын, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жыл уақыттан астам жұмыс істейтін барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілер «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады.
Бағдарламаға қатысушылар – алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жұмыс іздеп жүрген және жұмыссыз тұлғалар, жиырма тоғыз жастан аспаған жастар қатарындағы, оның ішінде NEET санатындағы жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыссыздар.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысушылардың еңбек ақысын Жұмыспен қамту орталығы төлейді.
Толық ақпарат және қажетті құжаттар тізімі бар өтінім бланкісі Орталықтың www.cz.astana.kz ресми сайтында орналастырылған.
Сұрақтар бойынша: Нұр–Сұлтан қ., Бейбітшілік к–сі, 25 («Өркен» БО) 2 қабат, 202/2 кабинет, тел. 72-93-56; 57-89-35, 57-88-86, +77053297719 хабарласуға болады.