Жобаның қатысушылары 29 (жиырма тоғыз) жастан аспаған жастар, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар болып табылады.
Оқу орындарының түлектері үшін “Бірінші жұмыс орны” жобалары бойынша жұмыс орындары ұлттық кәсіптер сыныптауышының сол сабақтар тобына жататын, олар алған кәсіп (мамандық) немесе ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады.
Бірінші жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін үміткер жұмыспен қамту орталығына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
3) білімі туралы құжат (бар болса).
Бірінші жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамның еңбек қызметі кезеңі оның еңбек өтіліне есептеледі.
“Бірінші жұмыс орны” жобалары шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін айына субсидия (жалақы) мөлшері кемінде 30 (отыз) АЕК
“Бірінші жұмыс орны” жобасына қатысу 18 айдан аспайды
Бірінші жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамның еңбек қызметі кезеңі оның еңбек өтіліне есептеледі.