Жастар практикасы өткен 3 (үш) жыл ішінде оқуын аяқтаған және 35 (отыз бес) жастан аспаған, алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арнайы арналған.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие. Жастар практикасының ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайды.
Жұмыссыздардың жалақысын қаржыландыру еңбек шартына сәйкес 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар Мансап орталығына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
3) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжат
Жұмыссыздардың айлық жалақысының мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып, кемінде 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Жұмыс беруші жұмыссызға кәсіби білімі мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тәлімгерді бекітеді.
Жастар практикасынан өту кезеңі жұмыссыздың еңбек өтіліне есептеледі.
бос жұмыс орындарын қарау