Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар беру туралы ақпарат

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ

Гранттар жұмыссыз немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз жеке кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.

Гранттар жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі, сондай-ақ гранттар бір рет беріледі.

Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өту үшін әлеуетті қатысушы  skills.enbek.kz порталында тіркеледі.

Гранттар алу үшін өтініштерді қабылдау лектер бойынша business.enbek.kz порталында жүзеге асырылады.

Гранттар халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі, оларға келесі топтар жатады:

  1. атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  2. көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды алушылар;
  3. асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар;
  4. қоныс аударушылар;
  5. қандастар;
  6. еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
  7. мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы) жатады.

Грант алудың міндетті шарттары:

1) үміткердің порталда белгіленген талаптарға сәйкестігіне нәтижелердің болуы;

2) комиссияның оң шешімінің болуы.

Инстаграм @CZN_ASTANA

 

Барлық сұрақтар бойынша хабарласу: Бейбітшілік көшесі 9, Тел 24-94-72, 24-96-44,8-700-956-98-10.