Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы

Жарияланған күні:
2021-25-10 сағат 17:41

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 29 жасқа дейінгі жастарға арналған мемлекеттік грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссияда 39 өтініш қаралды, оның ішінде 32 жоба мақұлданды (ателье шоу рум, балалар психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, керілген төбелерді орнату, автосервис қызметтері, балаларға арналған робототехника мектебі, массаж кабинеті және басқалар).

Халықты жұмыспен қамту орталығы “Бастау бизнес” курсын немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған 29 жасқа дейінгі жастар арасынан грант алуға өтініштер қабылдауды жалғастыруда. Қосымша қаражат бөлінуіне байланысты 90 мемлекеттік грант беру қарастырылған.

Анықтама үшін: Жыл басынан бері комиссия 488 жобаны мақұлдады.
Ағымдағы жылы гранттың ең жоғарғы сомасы – 583 400 теңге (200 АЕК).

Барлық сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына келесі мекенжайға хабарласуға болады: Бейбітшілік к-сі, 25, “Өркен” БО.

Жарияланған күні: 2021-25-10 сағат 17:41
Сілтеме https://czn.kz/zha-a-biznes-idejalardy-iske-asyru-shin-memlekettik-grant-alu-a-mitkerlerdi-tinishterin-arau-zh-nindegi-komissijany-kezekti-otyrysy-3/