Жұмыс берушілерді бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне шақырамыз

Жарияланған күні:
2024-22-02 сағат 17:25

Құрметті әріптестер,

2024 жылғы 22 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» алимент төлейтін адамдарды қолдауға бағытталған мамандандырылған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады. Бұл іс-шара азаматтардың тұрақты жұмысқа орналасуға, өздері, отбасылары үшін лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мүмкіндіктер береді.

Осыған байланысты, сізден 21.02.2024, 17.00 дейін көрсетілген электрондық пошта мекенжайына, байланыс нөміріне қатысуыңызды растайтын хабар беруіңізді сұраймыз.

Байланыс: 8 7172 24-87-29,  s.mametova@czn.kz.

         Іс-шара: 22.02.2024 жыл, 14.30

         Өтетін орны: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 9, 1 қабат (бұрынғы ЦУМ)

Жарияланған күні: 2024-22-02 сағат 17:25
Сілтеме https://czn.kz/zh-mys-berushilerdi-bos-zh-mys-oryndar-zh-rme-kesine-sha-yramyz/