Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Татулық ел тірегі» атты мерекелік шара өткізіп, екі бағыт бойынша байқау ұйымдастырды.
Мерекелік шараның бірінші бағыты –спорттық ойындар сайысы. Ол жерде орталық мамандары шашка, шахмат, үстел теннисінен өзара бақ сынады. Ал екінші бағыты: отбасы құндылығын дәріптейтін бейне баян түсіру болды.
Зияткерлік сипатта өткен жарыстар қызметкерлер арасында татулықты ұлықтаса, жанұя туралы түсірілімдер «Отбасы – Отан тірегі» дегенді білдіреді.
Жарыс екі күнге созылады. Кәсіподақ ұйымы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етті.