Түзеу мекемесінде жұмыспен қамту туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланған күні:
2021-19-05 сағат 17:28

Жұмыспен қамту орталығының мамандары  ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің “ЕЦ-166/1” РММ түзеу мекемесіне барып, бас бостандығынан айырылған азаматтарға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Түзеу мекемесіндегілерге АӘК бөлімінің мамандары атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша  кеңес берді.

Кездесу барысында, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы бойынша (босатылғаннан кейін жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелері, әлеуметтік оңалту және бейімдеу, кәсіптік даярлау курстары, мемлекеттік грантқа қатысу және алу туралы т.б  еңбек заңнамасы түсіндірілді.).

Жарияланған күні: 2021-19-05 сағат 17:28
Сілтеме https://czn.kz/t-zeu-mekemesinde-zh-myspen-amtu-turaly-t-sindiru-zh-mystary-zh-rgizildi/