Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданына қоныс аудару бойынша өтінімдер қабылдау жүргізіледі.

Жарияланған күні:
2020-17-11 сағат 17:21

16-17 қараша күні “Жанұя” орталығында (Бейбітшілік көшесі, 14) «Еңбек» бағдарламасы аясында, Нұрсұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ кезекте тұрған азаматтарға Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданына қоныс аудару бойынша өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлаймыз!!!

Мағжан Жұмабаев ауданы- Петропавл қаласынан 98 шақырым қашықтықта орналасқан. Аудан орталығы -Булаев қаласы.
Көшіп келгендерге 70-150 шаршы метр көлеміндегі тұрғынүйлер беріледі.

Қоныс аударған отбасының әр мүшесіне 97 230 теңге біржолғы қаржылай көмек төленеді.
Қоныс аудару шарттары:
– Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты тіркелу (екі жыл және одан көп);
-Отбасы құрамында 2 және одан да көп бала болуы қажет;
– Мамандықтың болуы қажет;
– Тракторшы, механизатор, СЕ санатындағы көлік жүргізушілер, мал дәрігері, дәрігер, мұғалімдерге сұраныс жоғары.

Кеңес алу үшін байланыс номері: 87778956191 Нұржихан Сабырқызы, 87002467106 Ақбидай

 

Жарияланған күні: 2020-17-11 сағат 17:21
Сілтеме https://czn.kz/solt-stik-aza-stan-oblysyny-ma-zhan-zh-mabaev-audanyna-onys-audaru-bojynsha-tinimder-abyldau-zh-rgiziledi/