2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасына жаңа енгізілімдер күшіне енді⠀

Жарияланған күні:
2020-20-01 сағат 22:57

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыспен қамтуға жәрдемдесу механизмдерін жетілдіру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына әзірленген жаңашылдықтар күшіне енді.

Бюджет шығындарының тиімділігін арттыру үшін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту тетігі қайта қаралды. Енді ол оқытылған адамдарды жұмысқа орналастыруға кепілдік беретін жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жүзеге асырылады.

 

Көпбалалы және табысы аз отбасы мүшелерін кәсіпкерлікке тарту үшін оларға микрокредиттер жылдық 4% – дан аспайтын пайыздық ставкамен 7 жылға дейінгі мерзімге жеңілдікті шарттармен берілетін болады.

Сонымен қатар, халықтың барлық санаттары үшін бірыңғай мемлекеттік гранттардың мөлшері белгіленді – 200 АЕК. Сонымен бірге көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері алдын ала оқытусыз грант алуға құқылы.

Жастарды мемлекеттік қолдау шаралары қайта қаралды. Жастар тәжірибесіне 2020 жылдан бастап қосымша екі жаңа құрал: «Бірінші жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары енгізілді.

«Бірінші жұмыс орны» жобасы 29 жастан аспаған, оның ішінде NEET санатындағы (жұмыс істемейтін және біліктілігін арттырмайтын және оқымайтын) азаматтарға, жұмыс тәжірибесі жоқ, білім беру ұйымдарының түлектеріне, еңбекке жарамды мүгедектерге бірінші жұмыс орнына жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істейтін қызметкерді кейіннен ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыруды көздейді.

 

Жоғарыда көрсетілген шаралар халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары қатарынан, оның ішінде NEET санатынан көп азаматтарды экономикалық қызметке тартуға мүмкіндік береді.

Кеңес алу үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту Орталығына хабарласу қажет.
Біздің мекен-жайымыз: Бейбітшілік к- сі 25, «Өркен» ІО

Жарияланған күні: 2020-20-01 сағат 22:57
Сілтеме https://czn.kz/s-1-janvarja-2020-goda-vstupili-v-silu-novovvedenija-v-gosudarstvennuju-programmu-razvitija-produktivnoj-zanjatosti-i-massovogo-predprinimatelstva-na-2017-2021-gody-e-bek/