Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары орталықтың жұмыстарымен танысты

Бүгін «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жұмысымен танысу мақсатында “Nur Otan” саяси партиясының өкілдері ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, әлеуметтік- мәдени даму комитетінің мүшелері Павловец Лариса Паловна мен Нұрманбетова Жамилә Нүсіпжанқызы келді.

Кездесу барысында
Жұмыспен қамту орталығының директоры Байтасов Азамат Елемесұлы жұмыссыз азаматтарды онлайн жүйедеқабылдау, жұмыспен қамту шараларының жүзеге асырылу барысын, мемлекеттік бағдарламалар жайлы тарқатып айтты.

Халықты жұмыспен қамту орталығы, елордадағы жұмыссыздықпен күресу мәселесінде еңбек нарығын реттеуді жүзеге асыратын жауапты мекеменің бірі.

Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға арналған “Еңбек”мемлекеттік бағдарламасы аясында
— Жастар практикасы
— Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту
— Еңбекке қабілеті бар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту
— Қоғамдық жұмыстар
— Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
— Мемлекеттік грант алу тақырыбы кеңінен талқыланды.

Партия мүшелері алдағы уақытта жастар жұмыссыздығымен күресу шараларын елордадағы ірі оқу орындарымен тығыз байланыс орнату, орталықтың жұмысы жайлы кеңінен насихаттау жайлы өз ұсыныстарын алға тартты.

 

Жарияланған күні: 2021-13-07 сағат 21:13
Сілтеме https://czn.kz/r-parlament-m-zhilisini-deputattary-ortaly-ty-zh-mystarymen-tanysty/
Хабарламаға жазылыңыз
Қаріп түрі:
Әріп аралығы:
Қаріп өлшемі:
Сайттың түсі:
Суреттер: