Нұр-Сұлтанда Ертіс ауданына ерікті түрде қоныс аудару бойынша апталық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі басталды

Жарияланған күні:
2020-15-09 сағат 4:12

14-18 қыркүйек аралығында елордада «Жанұя» Орталығының алаңында (Бейбітшілік көшесі, 14) азаматтарды ерікті түрде көшіру бойынша бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкенің мақсаты – еліміздің жұмыс күші тапшы өңірлерін жұмыс күшімен қамтамасыз ету.

Ертіс ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері жұмыс сапарымен «Еңбек» бағдарламасы аясында қоныс аудару мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін келді. Жұмыссыздарға тұрғын үй және Павлодар облысы Ертіс ауданында өзекті бос жұмыс орындары ұсынылатын болады.

Павлодар облысының Ертіс ауданына жұмысқа орналастыру нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын болады.

Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау, көшу және тұрғын үй жалдау (жалға алу), коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар беруді қамтиды. Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының келісімімен, өңірлік комиссияның ұсынымдары негізінде меншігіне тұрғын үй сатып алуы үшін, бір жылға отбасына есептелген сома шегінде субсидиялар сомасын біржолғы төлеуге жол беріледі.

Ертіс ауданының өзекті бос жұмыс орындарының тізімі: агроном, бухгалтер, жетекші маман, ветеринарлық санитар, зоотехник, жүргізуші, тәрбиеші, дәрігер дерматолог, жалпы практика дәрігері, офтальмолог дәрігер, психиатр-нарколог дәрігер, дәрігер эндокринолог, газэлектрдәнекерлеуші, бас ветеринарлық дәрігер, бас экономист, аула сыпырушы, ток өндірісінің меңгерушісі, астық зертханасының меңгерушісі, инженер (техник), комбайнер, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, кептіргішке шебер, медициналық бике, механизатор, ЖҚС операторы, малшы, наубайшы, аспазшы көмекшісі, психолог, әртүрлі жұмыс істеуші, малшы, токқа слесарь, ағаш ұстасы, күзетші, құрылысшы-монтажшы, токарь, тракторшы, кеңсеге еден жуушы, ағылшын тілі мұғалімі, биология мұғалімі, қазақ тілі мұғалімі, математика мұғалімі, бастауыш сынып мұғалімі, физика мұғалімі, химия мұғалімі, фельдшер, сылақшы-сырлаушы, экономист, экскаваторшы, электрик.

Кеңес алу үшін келесі телефон арқылы хабарласуға болады: 8 771 042 19 19, Жарас Зейтаев Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Жарияланған күні: 2020-15-09 сағат 4:12
Сілтеме https://czn.kz/nedelnaja-jarmarka-vakansij-po-dobrovolnomu-pereseleniju-v-irtyshskij-rajon-startovala-v-nur-sultane/