Нұр-Сұлтан қаласының маслихат депуттары жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты

Жарияланған күні:
2021-30-09 сағат 18:00

 

Бүгін “Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ жұмысымен танысу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының маслихаты депутаттары келді.

Кездесу барысында Жұмыспен қамту орталығының директоры Байтасов Азамат Елемесұлы жұмыссыз азаматтарды онлайн жүйеде қабылдау, тіркеу, жұмыспен қамту шараларының жүзеге асырылу барысын таныстырды.
Сондай-ақ, “Еңбек” Нәтижелі жұмыспен қамтуды және  жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларының  жүргізілуі  жайлы тарқатып айтты.

Халықты жұмыспен қамту орталығы, елордадағы жұмыссыздықпен күресу мәселесінде еңбек нарығын реттеуді жүзеге асыратын жауапты мекеменің бірі.

Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға арналған “Еңбек”мемлекеттік бағдарламасы аясында

— Жастар практикасы

— Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту

— Еңбекке қабілеті бар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту

— Қоғамдық жұмыстар

— Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тақырыптары  талқыланды.

Партия мүшелері алдағы уақытта жастар санатындағы жұмыссыздықпен  күресу шараларын қолға алу керектігін  айтты. Ол үшін елордадағы ірі оқу орындарымен тығыз байланыс орнату, орталықтың жұмысы жайлы кеңінен насихаттау жайлы өз ұсыныстарын алға тартты.

Сондай-ақ, маслихат депутатары “Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету” бөлімінің  жұмысымен  танысты.
Атаулы әлеуметтік көмек алушы  аз қамтылған отбасы мүшелерін, еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын  күшейтуге  баса  назар  аудару керектігі айтылды.

Жарияланған күні: 2021-30-09 сағат 18:00
Сілтеме https://czn.kz/n-r-s-ltan-alasyny-maslihat-deputtary-zh-myspen-amtu-ortaly-yny-zh-mysymen-tanysty/