Мүгедектігі бар азаматтарға арнаулы жұмыс орындарын құру мақсатында жұмыс берушілермен онлайн-кездесу өтті

Жарияланған күні:
2021-27-09 сағат 18:00

Халықты жұмыспен қамту орталығы барлық санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға  жәрдемдеседі.
Бүгінгі күннің өзекті тақырыбының бірі мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту, оларға арнайы жұмыс орындарын құру.
Осы  мақсатта  Үкіметтің арнайы әзірлеген бағдарламасы бар.

Халықтың әлеуметтік осал санатын қолдау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы мамандары жұмыс берушілермен  ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізеді. Олар үшін арнайы іс-шаралар мен кездесулер ұйымдастырады.

Еске сала кетейік, мүгедектерді жұмысқа орналастыру  мақсатында  арнаулы жұмыс орнын құру үшін  жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығымен келісім-шартқа отыру негізінде  жүзеге асырады.

Елордадағы Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов  мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құру мәселелері бойынша  ZOOM платформасында  жұмыс берушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында  орталық директоры  үкіметтік емес ұйым өкілдеріне  мүгедектердің жеке қажеттіліктерін ескере отырып жабдықталған арнайы жұмыс орындарын құру үшін мемлекет есебінен субсидия бөлінетінін айтып өтті.

Онлайн-кездесуге 5 мекеме қатысты.
Олар  алдағы уақытта арнаулы жұмыс орнын  құру туралы жоспарларымен бөлісті.  Орталық директоры  қатысушылардан туындаған барлық сұрақтарына жауап берді. Әлеуметтің осал топ санатындағы  мүгедектігі бар жандарды  жұмыспен қамту үшін  өзара бірігіп жұмыс істеу керектігі  сондай-ақ,   басқа да мемлекеттік органдарды тарту  қажеттілігі айтылды.

Мүмкіндігі  шектеулі адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құруға дайын жұмыс берушілер субсидиялауға өтінімді “Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ – не беруі керек .

Мекенжайы: Бейбітшілік к-сі, 25. “Өркен” БО.

Байланыс  телефондары:
8(7172) 95-44-23;
8(7172) 72-93-41;
8 (705) 318 9792;
8 (775) 902 7353.

Жарияланған күні: 2021-27-09 сағат 18:00
Сілтеме https://czn.kz/m-gedektigi-bar-azamattar-a-arnauly-zh-mys-oryndaryn-ru-ma-satynda-zh-mys-berushilermen-onlajn-kezdesu-tti/