![](https://czn.kz/wp-content/uploads/2022/06/44d27271-784c-468d-9776-2b5963a17b6c.jpg)
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен бірлесіп, мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруды ұйымдастырады.
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – жеке мүмкіндіктер ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары. Жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын құру кезінде мемлекеттік бюджеттен субсидиялау арқылы жабдықтарды сатып алуға және монтаждауға жұмсалған шығындар өтеледі.
2022 жылғы 1 маусымда «Golden Smile» ЖШС директоры Әсет Мәдиев бір арнайы жұмыс орнын құрды, онда есту қабілеті бұзылған 3-топтағы мүгедек Дулат Түркібаев жұмысқа орналасты.