«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша ЕҰУ студенттерімен кездесу

Жарияланған күні:
2024-21-02 сағат 22:27

Ағымдағы жылдың 21 ақпанында елордалық Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары Талғат Есімов және Мансап орталығының халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс бөлімінің маманы Рахымжан Әбиев Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында оларға алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға және мансап жолын бастауға мүмкіндік беретін «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» мемлекеттік бағдарламалары туралы толығырақ ақпарат берді, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы айтылды.

Әңгімелесу барысында жастардың барлық сұрақтарына толық жауап берді.

Жарияланған күні: 2024-21-02 сағат 22:27
Сілтеме https://czn.kz/leumettik-zh-mys-mamandy-y-bojynsha-e-u-studentterimen-kezdesu/