«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2018 жылдың 13 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға»

Жарияланған күні:
2019-26-04 сағат 16:37

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ  2018 жылдың 13 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға» арналған мемлекеттік бағдарламасын (әрі қарай-Бағдарлама) іске асыру шеңберінде «жастар практикасын» ұйымдастыру бойынша елорда жұмыс берушілерінен қосымша өтінімдерді қабылдайтынын хабарлайды.  

Қосымша өтінімдердің қабылдануы ағымдағы жылдың жоспардың ұлғаюына байланысты.

Өтінімдерді қабылдау: ағымдағы жылдың 29 сәуірінен бастап 15 мамырға дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25 (Өркен ІҮ) 2 қабаттағы кеңсеге өткізулері қажет, сонымен қатар ағымдағы жылдың 3 қаңтарынан бастап 15 мамырға дейін «жастар практикасын» ұйымдастыруға өткізген жұмыс берушілердің өтінімдері қаралатын болады.

Бағдарлама шарты бойынша – меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарда, салықтар мен басқа да әлеуметтік аударымдарды уақытылы  аударатын, еңбек жалақысы бойынша берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс жасаған жұмыс берушілермен  жастар практикасын ұйымдастырады.

Жастар практикасы уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар қолданылмайды.

Жастар практикасы уақытша жұмыс орны. Жастар практикасын өту мерзімі 6 айдан аспайды.

Жастар практикасын ұйымдастыру қатаң түрде білім ұйымдарындағы бітірушілердің алған мамандығы бойынша ұйымдастырылады.

Өтінімнің нұсқасы қажетті құжаттарды қоса өткізу керек.

Жарияланған күні: 2019-26-04 сағат 16:37
Сілтеме https://czn.kz/kgu-centr-zanjatosti-naselenija-akimata-goroda-nur-sultan-soobshhaet-rabotodateljam-stolicy-o-dopolnitelnom-prieme-zajavok-na-organizaciju-molodezhnoj-praktiki/