Электрондық еңбек биржасы

Жарияланған күні:
2020-10-12 сағат 23:34

Енді, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы (www.enbek.kz) жұмыс іздеуші ретінде  тіркеліп, мемлекет  субсиядалайтын бос жұмыс орындарын таңдап, жұмысынан айырылған жағдайда төлденетін әлеуметтік төлемді тағайындау қызметтерін пайдалана алады.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі “Электрондық еңбек биржасы” мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің пилоттық жобасын іске асырды.

“Электрондық еңбек биржасы” мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы (www.enbek.kz) ізденушіге келесі мемлекеттік қызметтер көрсете алады:

1. Жұмыс іздеп жүрген азаматтарға  және жұмыссыздарға жәрдем көрсету, оның ішінде: жұмыс іздеуші ретінде  тіркеуге қою және еңбек делдалдығын көрсету;
– жұмыссыз ретінде тіркеу;
– мемлекет субсидиялайтын  бос жұмыс орындарын таңдау (жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар).
2. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау

Жарияланған күні: 2020-10-12 сағат 23:34
Сілтеме https://czn.kz/jelektrondy-e-bek-birzhasy-2/