Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Енбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар

Жарияланған күні:
2019-27-08 сағат 17:37

Мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылық қолдау алмаған қатысушылар болып табылады.

Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін  Бағдарламаға қатысушылардың мемлекеттік грантты алуының міндетті шарттары:

1) оның Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелуі;

2) “Атамекен” өңірлік кәсіпкерлер палатасына  қарасты комиссияның оң қорытындысының болуы;

3) бағдарлама шеңберінде оқуды аяқтау туралы құжаттың болуы және бұрын салалық шектеулерсіз жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз негізде басқа бағдарламалар аясында  қаржылық қолдау алмаған.

Мемлекеттік гранттар бағдарламалар аясында,  атқарушы билік органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, салалық сарапшылардың, ғылыми-білім беру мекемелерінің, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіретін комиссия шешімінің негізінде беріледі.

Бүгінгі таңда жаңа бизнес идеяларды іске асыруға  арналған  мемлекеттік грант  алуға қатысу үшін құжаттарды қабылдау жалғасуда.

Жарияланған күні: 2019-27-08 сағат 17:37
Сілтеме https://czn.kz/gosudarstvennye-granty-na-realizaciju-novyh-biznes-idej-v-ramkah-gosudarstvennoj-programmy-razvitija-produktivnoj-zanjatosti-i-massovogo-predprinimatelstva-na-2017-2021-gody-enbek/