Елордада бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 2020 жылы 561 грант берілді       

Жарияланған күні:
2021-12-01 сағат 3:23

Елордада 2020 жылдың қорытындысы бойынша “Еңбек” Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын  жүзеге асыру шеңберінде жаңа бизнес-идеялар үшін 561 грант берілді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  Жұмыспен қамту орталығының мәліметінше,  өткен жылы мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша 29 комиссия отырысы ұйымдастырылды. 1000- нан астам бизнес-жоба қаралып, лайықты дегендері  қайтарымсыз қаражатқа ие болды.

Гранттар кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік маңызы бар түрлеріне ұсынылған. Атап айтқанда,  майда ұсақталған жарма мен ұн шығару, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер дайындау, жылыжайда құлпынай өсіру, шағын тігін ательесін ашу, жиһаз жасау, интерьер дизайн студиясы, кәдесый және зергерлік өнімдер орталығы, клинингтік қызметтер көрсету, көлік қаңқасын жөндеу  цехы, Онлайн мектеп, “Аутист” балаларға арналған мамандандырылған интернет-дүкен ашу, ағылшын тілін оқыту орталығы, косметолог және визажист кабинеттері, фотоқызметтер, массаж кабинеттерін ашу және тағы басқалар.

Грант алғандар қатарында халықтың әлеуметтік осал топ  өкілдері бар. Олар: көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелері – 100, мүмкіндігі шектеулі – 7, АӘК алушы – 30, 29 жасқа дейінгі жастар – 94, әртүрлі санаттағы 330 азамат  грантқа ие болды.

Мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер – жұмыссыз тұлғалар, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізінде оқыту курсынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуын аяқтаған кәсіпкерлер және өтініш берген сәтте бірыңғай жиынтық төлемді төлеген тұлғалар.

Бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлаған Бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар өтеусіз және қайтарымсыз негізде 200 айлық есептік көрсеткіш (555 600 т ) көлемінде беріледі.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алу үшін үміткер

Халықты жұмыспен қамту орталығына келесі құжаттарды ұсынады:

  • жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік грант алуға өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат, ал оралмандар үшін – оралман куәлігі (салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады);
  • әзірленген бастапқы бизнес-жоспар;
  • Бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Жарияланған күні: 2021-12-01 сағат 3:23
Сілтеме https://czn.kz/elordada-biznes-idejalardy-zh-zege-asyru-shin-2020-zhyly-561-grant-berildi/