“Еңбек” бағдарламасы аясында Павлодар облысы Ақсу қаласына ерікті түрде қоныс аудару бойынша Жұмыспен қамту орталығында кеңес беру жұмыстары жүргізілді

Жарияланған күні:
2021-22-07 сағат 19:08

Қала мен оның ауыл өңірінің аумағы солтүстігінде Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде Баянауыл, Май, Лебяжі аудандарымен, бастысында – Павлодармен, шығысында – Екібастұз қаласымен шектеседі.

Халқының саны – шамамен 70 мың адам.

Бүгінгі Ақсу – бұл Павлодар облысындағы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықты қала. Қаланың өндірістік инфрақұрылымын екі алып кәсіпорын: Ақсу ферроқорытпа зауыты мен ЕЭК ААҚ электр станциясы құрайды.

Мемлекеттік қолдау шаралары

1) Бағдарламаға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 70 АЕК (204190 теңге) мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.

2) “Еңбек” бағдарламасына қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларға он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерлерде материалдық көмек беріледі:

1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

– 1 адам үшін 58340 теңге;

– отбасы мүшелерінің саны 2-4 болса 72925 теңге;

– отбасы мүшелерінің саны 5 және одан көп болған кезде 87510 теңге төленеді;

2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

– 1 адам үшін 43755 теңге;

– отбасы мүшелерінің саны 2-4 болған кезде 52506 теңге;

– отбасы мүшелерінің саны 5 және одан көп болған кезде 61257 мөлшерінде төленеді.

Павлодар облысы, Ақсу қаласына ерікті түрде қоныс аудару бойынша өтінімдерді қабылдау 19-21 шілде аралығында Жұмыспен қамту орталығында жүргізіледі.
Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі 25, БО “Өркен”

Павлодар облысы,
Ақсу қаласы.

Мекен-жайы: Әлия Молдағұлова көшесі 10.
Байланыс телефондары:
8(71837) 5-53-25
8(71837) 3-34-73

Маманы: Омарбаев Марат Нұрғалиұлы
8(705)5713224.

Жарияланған күні: 2021-22-07 сағат 19:08
Сілтеме https://czn.kz/e-bek-ba-darlamasy-ajasynda-pavlodar-oblysy-a-su-alasyna-erikti-t-rde-onys-audaru-bojynsha-zh-myspen-amtu-ortaly-ynda-ke-es-beru-zh-mystary-zh-rgizildi/