Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға медициналық қобдишалар таратылды

Жарияланған күні:
2021-12-08 сағат 22:15

Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарынан құралған топ Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға медициналық қобдишалар таратты.

Мамандар қаланың “Сарырқа”,”Есіл”,”Алматы”,”Байқоңыр” аудандарының аумағын қамтыды.

COVID-19 ауруының алдын алу мақсатында медициналық көмек жиынтықтары АӘК алушыларға бір рет тегін таратылады.

Жинақтардың құрамын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі анықтады.

Жиынтық құрамы: термометр, маскалар, дезинфекциялаушы заттар және стероидты емес қабынуға қарсы препараттарымен қамтылған.

Бұл шара қиын қаржылық жағдайға тап болған отбасыларға экономикалық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Жарияланған күні: 2021-12-08 сағат 22:15
Сілтеме https://czn.kz/atauly-leumettik-k-mek-alushylar-a-medicinaly-obdishalar-taratyldy/