Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек ұтқырлық орталығы» КММ «Жастар» сарайында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізді

Жарияланған күні:
2023-3-08 сағат 7:28

Бос орындар жәрмеңкесі

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне кәсіпорын қала аумағында орналасқан 60-тан астам мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 640 бос жұмыс орнымен қатысты.

Жәрмеңкеге құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б салалардағы жұмыс берушілер қатысты. Біздің бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Халық банкі, Хоум Кредит банкі, «БАЗИС-А» құрылыс компаниясы, «Центрказэнергомонтаж» АҚ, «Магнум» сауда желісі, «Мечта» дүкені, «SMEU Astana» ЖШС және басқа да көптеген жұмыс беруші компаниялар қатысты.

Сондай-ақ, шара аясында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалар кәсіптік оқыту және «enbek.kz» порталымен жұмыс істеу бойынша Мансап орталықтарының мамандарымен түсіндірілу жұмыстары жүргізіледі.

Жарияланған күні: 2023-3-08 сағат 7:28
Сілтеме https://czn.kz/astana-alasy-kimdigini-e-bek-t-yrly-ortaly-y-kmm-zhastar-sarajynda-bos-zh-mys-oryndary-zh-rme-kesin-tkizdi/