Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Астана қаласының «Мәшһүр Жүсіп атындағы № 57 орта мектеп» КММ-де Алматы ауданының тұрғындарына «Ашық есік» күні өтті.
Іс-шараға Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі Мақсат Саматұлы, қалалық мәслихат депутаты А.С. Айтхожин, құқық қорғау органдарының, басқармалардың, коммуналдық кәсіпорындарының өкілдерімен қоса «Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Айгүл Таласова мен «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ Мансап орталығының «Сарыарқа» ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің басшысы Айсулу Сапарова қатысты.
Кездесуде тұрғындардың шипажайлық-курорттық емделу түріндегі әлеуметтік көмек, атаулы әлеуметтік көмек, жұмыссыз ретінде тіркелу мен жұмыс қарастыру, Enbek.kz электронды еңбек порталы, сондай-ақ жұмыспен қамтудың белсенді шаралары туралы ақпарат берілді.