ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ БАСТАЛДЫ

Жарияланған күні:
2021-4-02 сағат 18:17

Білім алдың, әңгімелесуге бардың, бірақ барлық жерде жұмыс тәжірибесі қажет пе?Олай болса, “Жастар тәжірибесі” бағдарламасына қосылыңыз.
Жарты жылдық тәжірибе барысында Сіз баға жетпес тәжірибе ғана емес, біліктілікті арттыру және армандаған жұмысқа орналасуға мүмкіндік аласыз.
Бүгін Жастар тәжірибесі арқылы жұмысқа орналасқан Ақерке Бауыржан туралы айтайық. Ақерке «Болашақ» Қарағанды өзекті білім беру колледжінің түлегі. Заңгер мамандығы бойынша 2019 жылдың маусым айында қолына диплом алған. Жас маман алдымен дүкенде сатушы болып жұмыс істепті. Өйткені өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған. Ал қазір, Нұр-Сұлтан қаласындағы Мемлекеттік кірістер департаментіне жұмысқа орналасты.
Қалай дейсіз бе? Ақерке 2021 жылдың қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласып, Жастар практикасы бағдарламасына қатысуға болатынын түсінді. Орталық мамандары бір апта ішінде жас маманды жұмысқа орналасуға жіберді.
Яғни, жұмыспен қамту орталығын келді, кеңес алды, сұхбаттасуға жіберілді, жұмысқа орналасты.
Жастар практикасы жас мамандар үшін іс-тәжірибе жинақтауда таптырмас мүмкіндік. Бағдарлама – ЖОО және ТжКБ түлектерінің мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған. Қатысушының жасы -29 –дан аспауы керек.Жұмыс істеу мерзімі 6-ай.
Еңбекақы мөлшері: 80 432 тенге.
Телефоны:57-88-88; 7 776 496 6213; 7 705 329 7719 көрсетілген номерлер толық ақпарат алу үшін.
Сондай-ақ, Жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік осал топ азаматтары : пробацияда тұрған, жетім балалар, аз қамтылған отбасы мүшелері мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. Бұл мәселе бойынша кеңес алу үшін -7 775 902 73 53;7 705 318 9792; 72- 93- 41; 95-44-23 телефон номерлеріне хабарласып білуге болады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының мекен-жайы: Бейбітшілік к-сі-25, «Өркен» Іскерлік орталығы.
⠀@czn_astana#cznastana

Жарияланған күні: 2021-4-02 сағат 18:17
Сілтеме https://czn.kz/zhastar-praktikasy-bastaldy/