Жалпы қалалық Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Жарияланған күні:
2022-5-08 сағат 15:15

Ағымдағы жылдың 4 тамызында «Жастар» сарайында жұмыссыз азаматтар, пробация қызметінде есепте тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және алименттік төлемдер бойынша борышкерлер үшін жалпы қалалық Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыссыз азаматтарды жұмыс берушілер мәлімдеген бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру.

Жәрмеңкеге елорданың 58 кәсіпорны қатысып, 1900-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды.
Жалпы қалалық жәрмеңкеге 420-ға жуық жұмыс іздеуші қатысты.


Сондай-ақ, 10 жұмыс беруші пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін 250-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды.
Сонымен қатар, Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне Әділет департаменті мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері қатысты.


Іс-шараға «Kaspi Bank» АҚ Астана қаласындағы филиалы, «Bazis Construction» ЖШС, «Мейрім-М» ЖШС, «Фасад-Expo» ЖШС, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астана өңірлік филиалы, «Сатурн-Строй» ЖШС, «Электровоз Құрастыру Зауыты» ЖШС сияқты компаниялар қатысты және басқалар.

Жарияланған күні: 2022-5-08 сағат 15:15
Сілтеме https://czn.kz/zhalpy-alaly-bos-zh-mys-oryndar-zh-rme-kesi-tti/