Жалпы қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Жарияланған күні:
2022-26-08 сағат 0:11

Ағымдағы жылдың 25 тамызында «Жастар» сарайында жұмыссыз азаматтар, пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және алимент бойынша борышкерлер үшін жалпы қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.


Іс-шараның мақсаты – жұмыс берушілер мәлімдеген бос жұмыс орындарына азаматтарды жұмысқа орналастыру.
Жәрмеңке жұмысына елорданың 60 жұмыс берушісі қатысып, 1683-тен астам бос жұмыс орындары ұсынылды.
Жалпы қалалық жәрмеңкеге 370-ке жуық жұмыс іздеуші қатысты.
Сондай-ақ, 9 жұмыс беруші пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 170-тен астам бос жұмыс орындарын ұсынды.


Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, Әділет департаментінің және қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері қатысты.
Бос жұмыс орындарын «Royal Cars Astana» ЖШС, «Hilton Astana» қонақ үйі, «Arena s» (Арена s) ЖШС және тағы басқа жұмыс берушілер ұсынды.

Жарияланған күні: 2022-26-08 сағат 0:11
Сілтеме https://czn.kz/zhalpy-alaly-bos-zh-mys-oryndar-zh-rme-kesi-3/